ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БАЛА ТӘРБИЕСІ-ИГІЛІКТІ ІС»

«БАЛА ТӘРБИЕСІ-ИГІЛІКТІ ІС»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес І-ІІ курс студенттерінің ата-аналарымен  «Сүйіспеншілік-сыйластық кілті: «Айналайын» ұғымы, отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсету» тақырыбында  дәріс сағаты болып өтті.  Шара барысында ата-аналарға рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, парасатты, адал ниетті азаматтар тұлғасын тәрбиелеу және ата-анамен біріге отыра қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алу мақсатында директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева тақырыпқа кеңінен тоқталып, ата-аналармен пікір алмасты. Колледж педагог-психологы А.Таңжанов ата-аналармен «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» тақырыбында бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін нығайту және отбасы, оқу орны арасындағы байланысты күшейту мақсатында тренинг өткізіп, «Доппен ойын», «Жанұя бақыты», «Отбасы оқиғалары». «Тілек ағашы» жаттығулары арқылы ата-аналарға баланың ішкі жан дүниесін түсінуге, әртүрлі өмірлік жағдайда дұрыс бағыт көрсетуге, сондай-ақ өз эмоцияларын басқара білуге бағыттады. Қорытындысында ата-аналар тарапынан  студенттерге қолдау көрсету, сенімділік орнату және психологиялық көмек алуға бағытталған ұсыныстар беріліп, шараға қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.


17 сәуір 2026 ж. 5