«ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ ДЕРТ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж педагог-психологы А.Таңжановтың ұйымдастыруымен «Лудомания-қоғамдағы өзекті дерт» тақырыбында ЛТЭ-25/9 және ЛМК-25/9 топ студенттері арасында дәріс сағаты өткізілді. Дәрістің мақсаты- студенттер арасында лудомания ұғымын түсіндіру және оның қоғамға, жасөспірімдергі кері әсері туралы айту және алдын алу шаралары туралы түсіндіру. Іс-шара барысында білім алушыларға лудоманияның шығу тарихы, қазіргі кездегі лудоманияның тез таралу себептері және адам өміріне қауіпті жақтары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге «Құмар ойын дегеніміз не?», «Құмар ойын кезінде жеңіске жетемін деген сенім адамды қайда апарады?» сұрақтары талқыланып, олардың жауаптары талқыланып, лудоманиядан сақтану туралы кеңестер берілді.








