«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында студенттермен құқықтық сағат ұйымдастырылды. Шара барысында Қазалы ауданы полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция полковнигі М.Бегалиева жастарға бірінші кезекте қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңның алатын орны мен маңызы жөнінде және құқық қорғау органдарының заң қағидалары жөнінде мол мәліметтер ұсынса, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы М.Шахар жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын, заң талаптарын сақтамаудың салдарын кеңінен түсіндірді. Шараны ұйымдастырушы директордың орынбасары Г.Күзембаева жастардың бойындағы жауапкершілікті арттыру, жаман әдеттерден бойды аулақ салу, интернет қауіптерінен сақтану, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау тақырыбына тоқталды.








