«ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ-БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Локомотив және вагон шаруашылығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен
«ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ-БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. ![]()
Білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында апталықтардың алар орны ерекше. Онкүндіктің мақсаты-студенттерді мамандығы бойынша заманауи технологиямен оқыта отырып, кәсіби шеберлікке баулу, құзіреттілігі жоғары мамандар дайындау және мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру. Цифрлық технологиялардың маңызын түсіндіру, олардың кәсіби қызметтегі рөлін ашу және заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті, білімді маман тәрбиелеу.
Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы барлық саладағы мамандарға жаңа талаптар қойып отыр. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін болашақ мамандар тек теориялық біліммен шектелмей, заманауи цифрлық дағдыларды меңгеруі қажет.
Цифрлық технологияларды меңгеру-болашақ маманның табысты болуының басты кепілі. Сондықтан әрбір білім алушы өз кәсібіне сай цифрлық құзыреттерді дамытып, заманауи талаптарға сай болуы тиіс.
Шараның ашылу барысында көрме ұйымдастырылып, білім алушылар жаңа технологиялармен таныстырып, әрбір мамандықтың негізгі қыр-сыры туралы баяндады. Апталықты директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.Нұралы ашып, алдағы өтетін іс-шараларға сәттілік тіледі.








