ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»

«ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің техникалық қызметкерлеріне «Заң мен тәртіп» аясында «Егде жастағы адамдардың компьютерлік сауаттылығын арттыру» тақырыбында  Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығының бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық жұмыс маманы Қ.Темірбекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында егде жастағы азаматтарға цифрлық қызметтерді пайдалану арқылы уақыт пен қаражатты үнемдеу жолдары, атап айтқанда, eGov.kz порталы арқылы қызмет алу, сонымен қатар, интернеттегі қауіпсіздік ережелері мен алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен бірге, қатысушыларға практикалық көмек көрсетіліп, сұрақтарына жауап берілді. Мұндай жұмыстар егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қаржысын үнемдеуге және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.


13 сәуір 2026 ж. 3