СҮЙІНШІ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫҚ!
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің абыройы тағы бір биік белесті бағындырды! 🏅
«Talap» КЕАҚ және «Казахмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі бірлесе ұйымдастырған республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өз мәресіне жетті. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтары арасында өткен осынау айтулы додада колледжіміздің шет тілі пәні оқытушысы Ерсайын Асыл Болатқызы жоғары кәсібилік танытып, жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🥉✨
Асыл Болатқызы «Кәсіби траектория: қолданбалы бағыттағы цифрлық білім беру ресурсы» бағыты бойынша өз идеяларын қорғап, үздік инновациялық тәсілдерін паш етті.
👏 Құттықтаймыз!
Бұл жеңіс – ұстаздың ізденімпаздығы мен білім беру саласындағы қажырлы еңбегінің жемісі. Әріптесімізге сарқылмас шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен кәсіби табыс тілейміз!
Біздің колледждің мақтанышы болудан талмай, білім беру жолында биік белестерді бағындыра беріңіз! 💐








