ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тарих пәні оқытушылары арасында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Ә.Бөкейхан мұрасы: тарих, сана және тағылым» тақырыбында облыстық деңгейде  дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға   Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы , педагог-модератор Досекеева Гулжанат Маратқызы қатысып, «Алаш партиясының құрылуы мен тарихы» тақырыбында баяндама оқып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, сертифкат иеленді. 

Әріптесіміз Гулжанат Маратқызын құттықтап,  шығармашылық табыс тілейміз!



03 сәуір 2026 ж. 2