"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2026"
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2026" Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "Үздік жыл психологы-2026" байқауы болып өтті.
Іс-шараның мақсаты- талантты, шығармашыл, кәсіби біліктілігі жоғары психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.
Байқауға орта білім беру ұйымдары мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 17 педагог-психолог қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қызылорда Облыстық Білім Кәсіподағының арнайы дипломдарымен марапатталды.
Байқау нәтижесімен Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінің педагог-психологы Ағым Таңшолпан Өмірсерікқызы жүлделі І орын иеленді.
Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!








