«17 НАУРЫЗ-ШАҢЫРАҚ» КҮНІ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 17 наурыз-Шаңырақ күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік кеш ерекше мән-мағынамен атап өтілді. Шараның мақсаты-қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту, әртүрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыра отырып, достық пен өзара құрметті арттыру, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау. Шара барысында білім алушылар арасында ұлттық құндылықтар, бірлік пен татулықтың маңызы кеңінен насихатталды. Қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, өнерпаздардың әсерлі ән-күйі мен билерін тамашалады. Колледжіміздің ДОБ-25/9 және КО-25/9 топтарының ұйымдастыруымен өткен бүгінгі мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Біздің дәстүр-біздің мақтанышымыз!








