«16 НАУРЫЗ-МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР» КҮНІ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 16 науры-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Аналар ұлағаты-ұрпаққа аманат» тақырыбында ЛМК-24/9-1 тобының жетекшісі Ж.Сапаевтың, В-24/9 тобының жетекшісі М.Бисенованың, арнайы пән оқытушысы А.Сартайдың ұйымдастыруымен таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-Наурызнама мерекесіне орай мәдениет пен дәстүрі тоғысқан Ұлыстың ұлы күні аясында аналарымыздың асыл қасиеттері мен өнегелі жолын келешек ұрпаққа насихаттау, ұлттық кодты сақтай отырып, саналы тәрбие беру. Шара қонақтары ардагер ұстаздарымыз, колледждің ата-аналар кеңесінің төрайымы, әр топтан ата-аналар шақырылып, шара барысында студенттерге данышпан аналарымыздың өмір тарихы, ананың қызына деген өсиеті бейнебаян арқылы көрсетілді. Ежелгі салт-дәстүр бойынша әжелеріміз нәрестені бесікке салу рәсімін жасаса, білім алушылар қонақтардан қонақ кәде сұрап, әжелеріміз әннен шашу шашты.








