«15 НАУРЫЗ-«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» КҮНІ.
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен татулыққа шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету-қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені, қазақта өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі-адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті, «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз. Осы орайда, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ВТЭ-23/9 «Техник-электромеханик» тобының жетекшісі, игі іске бастамашы болған Гаухар Дәулетбайқызына және топ студенттеріне колледж әкімшілігі тарапынан Алғысымыз шексіз! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!








