«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазалы аудандық прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп» тақырыбымен ата-аналар және студенттермен кездесу өткізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты-кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында құқықтық түсіндіру. Шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Тлеуімбетов, Қазалы ауданы прокурорының орынбасары Б.Жұмаш, Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Құрманалиевтер қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылып, аудан аумағында жыл көлемінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтар туралы және құқық қорғау органдарының өкілдері заң талаптарын сақтамаудың құқықтық салдары туралы түсіндіріп, профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, шара аясында жасөспірімдерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тәртіп пен заңды сақтауға шақырып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Мұндай кездесулер жас жеткіншектің жауапкершілігін арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.








