"ЖIГIТТIҢ СҰЛТАНЫ-2026"
Қазақ халқының әлемге әйгілі балуаны, күрес өнерінің хас шебері Қ.Мұңайтпасовтың 155 жылдығы аясында өткен «Жігіттің сұлтаны-2026» аудандық жігіттер байқауында колледж намысын қорғаған АӘТД пәнінiң ұйымдастырушы-оқытушысы Бозжiгiт Данияр Бозжiгiтұлы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.
Байқау барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ер азаматқа тән батылдық пен парасаттылықты, өнер мен білімділікті сарапқа салды. Д.Бозжiгiтұлы ерекше дарынымен, жан-жақты дайындығымен, сахна мәдениетімен топ ішінен оза шауып, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бұл жетістік-жас буынның бойында ұлттық рухтың, салт-дәстүрге құрметтің және нағыз жігітке тән қасиеттердің қалыптасып келе жатқандығының айқын дәлелі. Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!








