ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес  кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында  «Заң және жасөспірім» атты түсіндірме сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-жасөспірімдер арасында топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында құқықтық түсіндіру. Шара барысында жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алды алу бойынша «Закладчики. Мать», «Дроп» атты қысқаметражды профилактикалық фильмдері көрсетіліп, директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру тұрғысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



20 ақпан 2026 ж. 0