ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себеп салдары, суицид және жастар арасындағы интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер тақырыбында кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты-білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдерді құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Шара қонақтары Қазалы стансасының бастығы  С.Боранқұл, Қазалы әскерилендірілген темір жол күзетінің бастығы С.Накишев  және Қазалы стансасы ЖПб бастығы полиция майоры  Б.Қалжановтар «Назар аударыңыз, жолда адам» КТЖ-ның айлық іс-шарасы және ақпараттық технологиялар саласындағы аляқтық қылмыстың алдын алу және «Anti-fraud» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында білім алушыларды қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және құқықтарын біліп, оны құрметтеуге шақырды.


19 ақпан 2026 ж. 0