«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ-ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың құқықтық білімін көтеру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында ЛМК-25/9 тобында ұйымдастыруымен «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Топ жетекшісі Р.Байтлесов бүгінгі таңдағы жиі орын алып отырған құқық бұзушылықтарға қысқаша сипаттама беріп, заң білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтындығы туралы айта келе, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары туралы ой қозғады. Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, алаяқтық, ұрлық, нашақорлықтан сақтану туралы ақпараттар берілумен қатар, кеңестер берілді.








