АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде білім алушыларды және оқу орнының қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Арнайы тактикалық оқу-жаттығулар» жиыны өткізілді. Шара барысында директордың м.а. С.Нұралы хабарлама жасап, қауіпсіз аймаққа баратын жолдардың сызбасы арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы хабарламадан кейін сағат 10:00-де дабыл соғылып, оқу процесіндегі барлық педагогтар мен білім алушылар, колледж қызметкерлері өздеріне жақын есіктер арқылы қауіпсіз аймаққа (сыртқа) шығарылды. АӘ және ТД пәнінің оқытушылары 1-4 этаждарды өндірістік оқу шеберханалары мен асхананы қарап қауіпсіз аймаққа көшірді. Колледж ғимаратының алдыңғы жағындағы ашық алаңға сапқа тұрғызылып, пән оқытушылары білім алушыларды түгелдеп, мәлімдеме жасады. Оқу-жаттығу жиынына қатысып, хабар алған жалпы адам саны-352, оның ішінде 60 қызметкерлер, 260 білім алушылар бар.








