«ТАЛАНТЫҢМЕН ТАНЫЛ-2026»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде тәрбие жоспарына сәйкес «Адал азамат» бағдарламасында көрсетілгендей қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру және жаңа таланттар іздеу, мәдениетке, өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында топаралық «Талантыңмен таныл-2026» көркемөнерпаздар байқауы өтуде. Концерттік бағдарлама түрінде өткен байқауда білім алушылар «Ән-көңілдің ажары», «Ұлттық би», «Аспапта ойнау», «Көркем сөз» т.б. жанрлары бойынша өнер көрсетіп, сахнада көрініс сомдап және қолөнер бұйымдарын ұсынды. «Топ жетекшісінің өнері» бағаланатын сайыста жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ орындар беріліп, үздіктер қорытынды гала-концертке қатысады.








