«ТӘРТІПСIЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТIПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде АӘ және ТД пәнінiң оқытушы-ұйымдастырушы Д.Бозжiгiттің ұйымдастыруымен «Тәртіпсiз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» атты ерлік сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-жас жеткіншектеріміздің бойында Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру және ағалардың ерлігін ұлықтау болып табылады. Шара барысында Кеңес Одағының Ауған жерiнен шығарылғанына 37 жыл толуына байланысты Ауған соңғысының ардагері Алиев Айдар ағамызбен тағылымды кездесу өтті. Білім алушылар ардагерге әскери өмір, ерлік туралы сұрақтар қойып, әскери өмір туралы тағылым алды. Шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, ардагер ағамызға жас жеткіншектерге берген ақыл-кеңестері мен өнегелі әңгімесі үшін алғысын білдіріп, жылы лебізiн жеткiздi.








