ҚКТЖК » Жаңалықтар » «НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМ»

«НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушыларға нашақорлықтың зияны мен оның алдын алу шаралары, салауатты өмір салты мен  денсаулықты сақтаудың маңыздылығы тұрғысында валеология пәнінің оқытушысы Р.Шыныбаеваның ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа қарсы қоғам» атты дәріс сағаты болып өтті. Шара барысында Қазалы аудандық көпбейінді емхананың бас нарколог  дәрігері Б.Тілеуімбетов қатысып, ескірткінің адам ағзасына кері әсерін айтты  және зиянды заттарды тұтынудың алдын алу, есірткінің зияндылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттерді есірткіден бойын аулақ ұстау, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында түрлі видео, слайдтар көрсетіліп, ой алмасу өткізілді.


10 ақпан 2026 ж. 0