«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғылмаушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбымен колледжішілік «Кәусар» қыздар кеңесінің төрайымы Н.Избанның ұйымдастырумен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен кездесу болып өтті.
Шара барысында Қазалы аудандық «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының гинекологы А.Жәдігер «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, ерте жүктіліктің алдын алу, қорғану жолдары туралы айтса, «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова жас жеткіншектерге психологиялық кеңес беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, қазіргі таңдағы ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ қызының бойындағы өнегелік, ізгілік қасиеттер туралы айтты. Кеш барысында білім алушылар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.








