«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес инженер-педагогтар арасында колледжішілік «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық педагогикалық идеяларды анықтап, көрсетуге және таратуға арналған кәсіби алаң құру. Конкурс барысында инженер-педагогтар өз идеяларын ұсынып, өз тәжірибесінде қолдану барысында оң нәтижеге қол жеткізгендігін атап өтті. Үздік идея ұсынған математика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Сапаев Жанарыс Бозжігітұлы І орын, физика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Бисенова Мирамкул Сағатқызы ІІ орын, арнайы пән оқытушысы, педагог-модератор Сартай Айгул Бауыржанқызы және өндірістік оқыту шебері Коптлеуова Жадыра Қазанбайқызы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз атанған әріптестерімізді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!








