ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес колледжі психологы Т. Ағымның  ұйымдастырумен «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты жас жеткіншектер арасында ерте жүктілік пен отбасылық зорлық-зомбылықтың  және  жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу  мақсатында психологиялық кеңес беру тақырыбында  дәріс сағаты болып өтті.  Шараға Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығының кейс менеджері Ж.Қайназарова отбасындағы зорлық-зомбылықтың себеп салдарын түсіндірсе, колледж мейіргері А. Айман, Қазалы аудандық теміржол ауруханасының акушері  Ұ. Турдыгулова мен  СӨЖ бөлімінің мейіргері Г. Мұстафаева лар жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің денсаулыққа зияны мен қатері туралы толық ақпарат бере өтті. Ал аурухана  ауруханасының психологы Ж. Далиева бүгінгі шараға қатысты тақырыпқа сай ойын карточкаларын таратып, студенттердің ойларын ортаға салды. Шарада студенттер арасында «Егер мен қазір шешім қабылдамасам…» және  «Мен өз өмірім үшін жауаптымын!»  ұранымен ортақ постер құрылып, бір қате шешімнің болашаққа әсерін сезіндіру мақсатында тренингпен аяқтады.





29 қаңтар 2026 ж. 0