«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ-ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында «Құқықтық мәдениет-қоғам алдындағы жауапкершілік» тақырыбында студенттермен құқық қорғау органдары мен сала мамандарының қатысуымен кездесу болып өтті. Шара барысында Қазалы ауданы полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева мен Казалы Апб-нің ҚҚб-нің ЮПт-ның инспекторы полиция лейтенанты А.Казбеков жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, топтық төбелестер туралы айтса, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы М.Шахар жасөспірімдерді зиянды әдеттерден /темекі, есірткі, лудомания, вейп т.б./ аулақ болып, салауатты өмір салтын қолдауға шақырды. Шараны колледж директорының м.а. Р.Ізтілеу қорытындылап, құқықтық сауатты, адамгершілігі мол жас ұрпақты қалыптастыру үшін мемлекет, мектеп және қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет екендігін және кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылықтың алдын алу-тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін айтты.








