ҚКТЖК » Жаңалықтар » «КІТАППЕН БАСТАЛҒАН ЧЕЛЛЕНДЖ»

«КІТАППЕН БАСТАЛҒАН ЧЕЛЛЕНДЖ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ағымдығы жылдың 19-23 қаңтары аралығында «Кітаппен басталған челлендж» оқу челленджі  басталды. Оқу челленджінің мақсаты:

📚Кітап оқу арқылы студенттердің кәсіби қызығушылығын ояту;

📚Болашақ мамандыққа байланысты білім мен тәжірибе жинауға ынталандыру;

📚Өзін-өзі дамыту, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерді жетілдіру;

📚Кітаптан алған идеяларды практикалық жобаларға немесе күнделікті өмірге қолдану дағдыларын дамыту.

Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап.

Челлендж форматы:

📌Әр қатысушы таңдап алған кітапты апталық бағдарламаға сәйкес оқиды;

📌Кітап оқу тәжірибелік, шығармашылық жіне аналитикалық тапсырмалармен үйлестіріледі;

📌Апта соңында студенттер өз ойларын,тәжәрибесін және кәсіби идеяларын ортаға салады.

28 қаңтар 2026 ж. 1