ҚКТЖК » Жаңалықтар » “Жасанды интеллект-білім берудің жаңа қозғалтқышы”

“Жасанды интеллект-білім берудің жаңа қозғалтқышы”

“Жасанды интеллект-білім берудің жаңа қозғалтқышы”Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес инженер-педагогтар арасында педагогикалық оқулар аясында «Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллект: тиімді құралдар мен мүмкіндіктер» атты практикалық семинар педагог зерттеуші Л. Алибекованың ұйымдастыруымен өтті.

Семинар барысында оқытушылардың жұмысын жеңілдетіп, сабақтың сапасын арттыратын келесі заманауи ЖИ-платформалардың мүмкіндіктері таныстырылды:

MagicSchool AI (https://www.magicschool.ai/) – мұғалімдерге арналған әмбебап көмекші: сабақ жоспарын құрудан бастап, кері байланыс беруге дейінгі процестерді автоматтандырады.

Diffit (web.diffit.me) – кез келген мәтінді немесе тақырыпты оқушылардың деңгейіне қарай бейімдеп, дайын тапсырмалар жинағын жасап береді.

Grok Imagine (grok.com) – креативті ойлауды дамытатын, мәтін арқылы жоғары сапалы бірегей кескіндер мен иллюстрациялар тудырады.

Suno AI (suno.com) – жасанды интеллект көмегімен оқу материалдарын әуенмен немесе әнмен жеткізудің инновациялық жолы.

Нәтиже: Практикалық семинар оқытушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар жаңа құралдарды сабақ барысында қолданудың тиімділігін жоғары бағалап, цифрлық дағдыларын жетілдірді.

Заманауи технологияларды игеру – сапалы білімнің кепілі!


15 қаңтар 2026 ж. 0