ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ»

«ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес инженер-педагогтар арасында ұйымдастырылатын дәстүрлі педагогикалық оқулар кезеңінде шебер сынып ұйымдастырылды. «Сиқыршы таяқ емес, Жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері» атты тақырыбындағы шебер сыныпты шет тілі пәнінің  оқытушысы, педагог-сарапшы А. Ерсайын ұйымдастырды. Мақсаты: ЖИ құралдарын сабақ жоспарын әзірлеуде тиімді пайдалану мен инженер-педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіру.  

Асыл Болатқызы жасанды интеллект «сиқырлы таяқ» емес, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін таптырмас көмекші құралы екенін өз іс-тәжірибесінен көрсетіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын қалыптастырып, білім сапасын арттырудың креативті әдістерін ұсынды. 


14 қаңтар 2026 ж. 0