«ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында «Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында студенттермен түсіндірме сағаты болып өтті. Шара барысында Қазалы ауданы полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы айтса, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы М.Шахар жасөспірімдерді топтық төбелес пен құқық бұзушылықтан, сонымен бірге, зиянды әдеттерден /темекі, электронды темекі, есірткі, лудомания т.б./ аулақ болып, салауатты өмір салтын қолдауға шақырды. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылықтың алдын алу-тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін айтып, құқықтық сауатты, адамгершілігі мол жас ұрпақты қалыптастыру үшін мемлекет, мектеп және қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет екендігін айтты.








