ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қызылорда облыстық оқу орталығы әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізілген «Үздік жалпы пән оқытушысы-2025» облыстық байқауында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің физика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Қонысбай Эльмира Әбдірахманқызы ІІ орын иеленді.
Шығармашыл, ізденімпаз, білікті маман Эльмира Әбдірахманқызын облыстық байқау жеңімпазы атануымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!








