ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚ"

"ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөспірімдер арасында нашақорлық, есірткі және құқық бұзушылық, лудомания, вейп темекінің алдын алу мақсатында бірлескен жұмыс жоспарына  сәйкес “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық” тақырыбында ЭЖС-23/9 тобының жетекшісі Қ.Абилдаев пен колледж психологы Т. Ағымның ұйымдастыруымен  танымдық-ақпараттық дәріс болып өтті. Дәрістің мақсаты-студенттерге нашақорлық, есірткі /вейп, темекі/ сияқты зиянды әрекеттердің алдын алуға тәрбиелеу және оларды жаман әдеттерден сақтандыру, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.

Шара барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, психикаға әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі және есірткінің зияндығы туралы жадынамалар таратылды. 



26 қараша 2025 ж. 0