“ӘДЕБИ КЕЙІПКЕРЛЕРМЕН БІРГЕ САЯХАТТАЙМЫЗ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты-студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ және әлем әдебиетінің кейіпкерлерін таныту. Ақпараттық технологияны пайдалана отырып, шығармашылық қабілетті дамыту.
Шара барысында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ», «Шәкәрім әлемі», Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ» атты виртуалды кітап көрмелері ұсынылды.








