ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөспірімдер арасында нашақорлық, есірткі және құқық бұзушылық, лудомания, вейп темекінің алдын алу мақсатында бірлескен жұмыс жоспарына  сәйкес “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында танымдық-ақпараттық тәжірибелік дәріс болып өтті. Шара аясында колледж студенттері Қазалы аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының нарколог дәрігері  Б.Тілеуімбетовпен кездесіп,  нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы «Есірткінің денсаулық үшін қауіптілігі» тақырыбында дәріс тыңдап қайтты. Дәрістің мақсаты-студенттерге нашақорлық, есірткі /вейп, темекі/ сияқты зиянды әрекеттердің алдын алуға тәрбиелеу және оларды жаман әдеттерден сақтандыру, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. Кездесу барысында колледж педагог-психологы Т.Ағым, валеология пәнінің оқытушысы Р.Шыныбаеваларға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, психикаға әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі және есірткінің зияндығы туралы жадынамалар таратылды.  


24 қараша 2025 ж. 0