«НАШАҚОРЛЫҚ-ҒАСЫР КЕСЕЛІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында ЛМК-25/9 тобының жетекшісі Р.Байтлесовтің ұйымдастыруымен «Нашақорлық-ғасыр кеселі» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шара барысында білім алушыларға зиянды заттарды тұтынудың , яғни, нашақорлықтың алдын алу, есірткінің зияндылығы туралы мәлімет беріліп, олардан бойын аулақ ұстауға шақыру және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында слайдтар көрсетіліп, ой алмасу өткізілді. Білім алушыларға нашақорлық, есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, болашақта оның зардаптары тимес үшін зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертті.








