«БІЗ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының 11.11.2025 жылғы №3381 санды хатына сәйкес «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» ақпараттық науқанына орай ТСК-24/9 тобының жетекшісі Л.Мұхашованың ұйымдастыруымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру, әр адам құқықтарының сақталуы мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды шараларды түсіндіру, зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету жолдарын көрсету. Шара барысында білім алушыларға адами қасиеттерін сақтауға, әдепті әрі тәртіпті тұлға болу аясында презентациялық жұмыстар көрсетіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы саналы көзқарасын қалыптастыру көзделді. Білім алушыларға зорлық-зомбылық туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.








