«ОЙЫН ҚҰМАРЛЫҚ НЕМЕСЕ ЛУДОМАНИЯ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ТСК-24/9 тобының колледж психологы Т.Ағымның ұйымдастыруымен «Ойын құмарлық немесе лудомания» тақырыбында таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-білім алушылар арасында лудоманиямен күресу, ойын құмарлығынан сақтау және студенттердің ойынға деген тәуелділігін, теріс әсерлерін түсінуге бағытталғандығы туралы ақпарат беріліп, презентация /видеокөрініс/ арқылы таныстырылды. Тақырып аясында қоғамдағы теріс әдеттерден тәуелді болудан аулақ болуға шақырылып, таным сағаты соңында "Өзін-өзі бағалау парағы" таратылып, рефлексиясы жүргізіліп, пікір алмастырды.








