«БУЛЛИНГ, КИБЕРБУЛИНГ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕЙІК»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде психологтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес колледж психологы Т.Ағымның ұйымдастыруымен ДОБ-25/9, ЛМК-24/9-2 топ студенттері арасында «Буллинг, кибербулинг туралы сөйлесейік» тақырыбында тренинг өткізілді. Шараның мақсаты-студенттер арасында буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдарын ұғындыру, сондай-ақ құрбандарға қолдау көрсету жолдарын талқылау. Шара барысында интерактивті жаттығулар, «Дұрыс-Бұрыс» сұрақ-жауап ойыны, жағдаяттармен жұмыс және пікір алмасу жүргізілді. Тренинг нәтижесінде студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті және қатысушылар буллингке қарсы тұрудың тиімді жолдарын меңгеріп, бір-біріне қолдау көрсету маңызын түсінді.








