ҚКТЖК » Жаңалықтар » «КРЕАТИВТІ КІТАПХАНАШЫ» өзін-өзі басқару күні.

«КРЕАТИВТІ КІТАПХАНАШЫ» өзін-өзі басқару күні.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында “Балалар кітапханасы” және “Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында «Креативті кітапханашы» атты өзін-өзі басқару күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты-кітапханашы кәсібін, оқырмандарға қызмет көрсету, кітапханашы мамандығының маңыздылығын түсіндіру.

Өзін-өзі басқару күні студенттер кітапхана қызметкерлерінің міндетін уақытша атқарып, ұйымның ішкі жұмысын көруге және басқару үдерісіне қатысуға мүмкіндік алады. Өзін-өзі басқару күніне ВТЭ-23/9 тобының студенттері Жаңабергенова Назерке, Мұратқызы Аружан, Жолбарыс Динаралар колледж кітапханашысының орнын ауыстырды, кітапхананың ішінде студенттер емін-еркін жағдайда кітапхананың жұмысын әр қыры жағынан өздері атқарып көрді.


30 қазан 2025 ж. 1