ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАТЫР МОЙЫНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ”

«ЖАТЫР МОЙЫНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде колледж мейіркеші А.Айманның ұйымдастыруымен “Жатыр мойынының қатерлі ісігі”тақырыбында студенттерге арналған кездесу өтті. 

Шара қонағы Қазалы теміржол емханасының гинеколог дәрігері А.Ахметова және салауатты өмір салтын қалыптыстыру бөлімінің мейіргері Г.Мұстафаева колледж студенттеріне 

«Жатыр мойыны ісігі» ауруына қарсы егілетін вакцинаның маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білікті дәрігер жеткіншек қыздарға салынатын екпенің пайдалары туралы айта отырып, балаларына вакцинаны қабылдау не қабылдамау ата-аналардың өз еркінде екенін де қаперге салды. Айта кетсек, статистика бойынша елімізде қатерлі ісікпен ауыратын адамдар саны өте көп. Сол себепті ем-дом шараларын уақытылы жүргізіп, аурудың алдын алу бүгінгі күні өте өзекті мәселелер қатарында екенін айтып өтті.


30 қазан 2025 ж. 0