ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Колледж және әлеуметтік серіктестіктер»

«Колледж және әлеуметтік серіктестіктер»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2018 жылдың 05 қазанда «Колледж және әлеуметтік серіктестіктер» тақырыбында дөңгелек стол жоғары деңгейде өтті.
Колледжге келген қонақтарды колледж директоры А.Б.Ахметов күтіп алып, колледждің заманауи оқу құралдарымен жабдықталған оқу-материалдық техникалық базасымен танысып, әдістемелік орталықта жас теміржолшылармен кездесу кешін өткізді.
Кездесуде «Қазақстан темір жолы» АҚ жүк тасымалдау ТПС жөндеуді ұйымдастыру департаментінің директоры Б.К.Жақсылықов колледж студенттеріне халықаралық теміржол жүйесі туралы лекция оқыды.
Сонымен бірге «Қамқор Локомотив» ЖШС жылжымалы құрамдарға қызмет көрсету департаментінің директоры А.Ж. Нусипкулов білім алушыларға  таңдаған теміржол мамандықтары бойынша колледжді жақсы бітіріп, әріптес болуға шақырды және де іс-шараға Ақтөбе локомотив жөндеу депосының директоры У.К.Уразов, «Мақат» локомотив жөндеу депосының директоры А.Б.Хамзин, Шалқар локомотив жөндеу депосының директоры М.Естеков, Сексеуіл локомотив жөндеу депосының директоры М.К.Кеулимжаев, Қазалы локомотив жөндеу депосының директорының орынбасары Р.Ахметов қатысып өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек столды колледж директоры Б.А.Ахметов қорытындылады.













05 қазан 2018 ж. 1 617