«Қазақстаным -кең байтақ Отаным»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында оқушыларды елін, жерін, тілін, тарихын құрметеп туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында 25 қазан – Республика күніне орай «Қазақстаным -кең байтақ Отаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды."Республика күні»-еліміздің тұтастығының айқын белгісі болған ұлттық мерекеміз.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.








