ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Сұрыптау станциясының мәні мен темір жол желісіндегі орналасуы"

"Сұрыптау станциясының мәні мен темір жол желісіндегі орналасуы"

№ ТСК-24/9  “3W10410201-«4-ші және 5-ші кластардың темір жол стансасының кезекшісі” тобына  “Сұрыптау станциясының мәні мен темір жол желісіндегі орналасуы ” тақырыбында өндірістік оқу шебері Әуез Ләззат Дәрменқұлқызы ашық сабақ өткізді. 

Сабақтың мақсаты: Сұрыптау станциясының негізгі қызметі мен теміржол жүйесіндегі рөлін түсіндіру. Сұрыптау процесінің кезеңдері мен жұмыс ерекшеліктерін меңгерту.                                                                           

 Ашық сабақта интерактивті панель бойынша слайд көрсетілді. Әр студентке  бағалау парағы таратылды. Үй тапсырмасы  Wordwall  платформасы арқылы  сұралып, студенттерге  «Сұрыптау шебері» кері байланыс карточкасы әдістері арқылы  орындауға арналған тапсырмалар берілді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында станцияның схемаларын сызу үлгісі туралы слайдтар көрсетілді.. Жаңа сабақ LessonUp платформасында сұрақтармен,сөздіктермен бекітілді. Сабақ өз мақсатына жетті.






24 қазан 2025 ж. 1