“ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМІЗДІҢ ТӨРІНДЕ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25 қазан-Республика күні құрметіне орай студенттер арасында "Қазақстан-жүрегіміздің төрінде" атты эссе байқауы өтті. Студенттер Отанымыздың өткені мен келешегі туралы терең толғанып, болашақ Қазақстанның кемелденуіне қосатын өз үлестері туралы ойларын парақ бетіне түсірді. Егемен еліміздің 35 жылдық ұлық мерекесі қарсаңында жастар бойына отансүйгіштік сезімін бекіту, ерлік пен елдікке үндеу - олардың рухын көтеріп, еліне деген құрметін арттырады.








