«ОТБАСЫМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледж педагог-психологы Т.Ағымның ұйымдастыруымен ЛТЭ-25/9, ДОБ-25/9 топ студенттері арасында «Отбасым-мейірім мекені» тақырыбында тренинг өткізілді. Шараның мақсаты-білім алушыларға отбасыға деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділік, түсіністік, отбасылық құндылықтарды, құрмет секілді адами құндылықтарды насихаттау. Шара барысында І курс студенттері түрлі психологиялық және шығармашылық тапсырмалар орындап, өз отбасы туралы ой бөлісіп, отбасы құндылықтары туралы өз көзқарасын білдірді, эмоциялық қолдау мен жылы қарым-қатынас орнауына ықпал етілді. Студенттер жүректен шыққан жылы лебіздерін ата-аналарына табыстау максатында бүгінгі отбасы тақырыбында ұйымдастырылған шараға белсене қатысқаны үшін тәттілер табысталды.








