ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ЗАРДАБЫ»

«ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ЗАРДАБЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес колледж мейіркеші А.Айманның ұйымдастыруымен І курс студенттерімен «Зиянды заттар зардабы» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті. Дәрістің мақсаты-студенттерге аурудың алдын алу, салауатты өмір салтына дағдыландыру  және оларды жаман әдеттерден сақтандыру, жағымсыз іс-әрекеттерден барынша аулақ болуға шақыру. Шара барысында білім алушыларға Қазалы теміржол емханасының психологы Ж.Далиева, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің мейіргері К.Мустафаевалар  аурудың алу, оның жұғу жолдары туралы баяндап, арнайы презентация көрсетіліп, үнпарақтар таратылып, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



14 қазан 2025 ж. 3