«25 ҚАЗАН-ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАҒАН КҮН»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 25 қазан-Республика күні және Егемендік декларациясына 35 жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ДОБ-25/9 тобының жетекшісі Б.Тәжімұратованың ұйымдастыруымен «25 қазан-Ел тағдырын айқындаған күн» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-студенттерге 25 қазан- Республика күні туралы тарихи мәлімет бере отырып, мемлекетіміздің тағдырындағы маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және егемен ел ретіндегі жетістіктерімізді бағалап, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына сеніммен қарауға тәрбиелеу, елін, жерін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бағалайтын ұрпақ тәрбиелеу. Шара барысында білім алушыларға Республика күні туралы түрлі презентация, слайдтар көрсетіліп, тақырып аясында сұрақтар қойылды және студенттермен ой алмасу болды.








