ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі ұжымы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ақтау қаласында ағымдағы жылдың 6-9 қазан күндері өткен «TurkicSkills-2025» халықаралық шеберлік чемпионатында облыс орталығындағы іргелі оқу орны Абылайхан атындағы жоғары колледжі студенті Абдуллаева Жансая Абдуллақызы «Сән технологиясы» құзыреті бойынша Алтын медаль иеленуімен құттықтаймыз!
Бұл-Сыр елінің, жалпы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мерейін үстем еткен зор жетістік! Жансая өз еңбегімен, талантымен, табандылығымен кәсіби шеберліктің биік үлгісін көрсетті. Жансаяға шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!
Абылай хан атындағы жоғары колледжі басшысы Р.Дүлдүлді және ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!








