"ВОЛЕЙБОЛ-БIРЛIК ПЕН ЕПТIЛIК ОЙЫНЫ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде "Шыныққан тән-қуатты ел қорғайды, Шындалған рух-ұлтты сақтайды" атты дене тәрбиесі және АӘТД пәндері апталығы аясында студенттер арасында волейболдан топаралық ерекше сайыс өтті. Шараның мақсаты-студенттер арасында волейбол ойынын насихаттау, бiлiм алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту.








