ҚКТЖК » Жаңалықтар » “ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙДЫ”

“ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙДЫ”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі студенттері арасында Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар жемқорлықсыз болашақты таңдайды» атты эсселер байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты-жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ашық білдіріп, жемқорлықсыз жарқын болашақ құруға жастардың қосар үлесі жайлы терең эсселер жазды.

Нәтижесінде “Жоғары сауаттылық танытқаны үшін” номинациясымнен ЛМК-24/9-1 тобының студенті А.Бисенов, “Жылдам әрі сауатты” номинациясымен ВТЭ-23/9 тобының студенті Н.Жақыпбай, “Диктантка белсенді қатысқаны үшін” номинациясымен ЛМК-24/9-1 тобының студенті А.Қуатбай арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. 



07 қазан 2025 ж. 0