"ҰСТАЗ-ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 қазан-Қарттар күніне және 5 қазан-Ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлт шамшырағы» атты салтанатты мерекелік кеш болып өтті. Шара барысында еңбегімен биіктен көрінген, шәкірттерімен топ жарған ұстаздарды директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Ахметова облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен М.Бисенованы, А.Даулетиярова, Н.Утембетова, С.Айқожа, А.Абуова, Л.Шыныбаеваларды Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Мереке қарсаңында колледждің өнерлі әншілері ән арнаса, оқу орнының студенттері әсем әндерін тарту етіп, кешті қорытындылады.
Құрметтіі ұстаздар! Әрдайым еңбектеріңіз жанып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!
Қызылорда Облысының Білім Басқармасы Қазалы Көлік-техникалық Жоғары Колледжі








