«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ДОБ-25/9 тобының жетекшісі Б.Тәжімұратованың ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-студенттерге зорлық-зомбылықтың түрлері, себептері мен салдары туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Студенттерді адамгершілікке, мейірімділікке, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу аясында зорлық-зомбылыққа қарсы саналы көзқарастарын қалыптастыру және адамның ең жаман қасиеті екенін айту, оның адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Шара барысында білім алушыларды тәртіпті тұлға болып өсуге шақырып, презентациялық жұмыстар көрсетілді.








